Иран мен Ресей парламенттері байланыстарды кеңейтуді мақсат етіп отыр
(last modified Mon, 14 Nov 2016 09:05:26 GMT )
Қар 14, 2016 15:05 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей парламенттері байланыстарды кеңейтуді мақсат етіп отыр

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы мен Ресей Федерациясының Федералды Жиналысының басшысы екі елдің екіжақты байланыстарды кеңейтуді және аймақтық дағдарыстарға, соның ішінде, лаңкестікке тосқауыл қоюды шынайы түрде мақсат етіп отырғандарын мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани мен Ресей Федерациясының Федералды Жиналысының басшысы Валентина Матвиенко жексенбі күні Теһранда кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтағы және әлемдегі маңызды өзгерістер мен мәселелер туралы кеңесті.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы осы отырыстан кейін өткізген ортақ баспасөз маслихатында Иран мен Ресей қарым-қатынастарының әсіресе соңғы жылдары дамуға бет алғанын айтып, ИИР-ның аймақтағы лаңкестікпен күрес саласында Ресеймен ынтымақтастықтарын жалғастыратынын мәлімдеді.

Ресей Федерациясының Федералды Жиналысының басшысы Валентина Матвиенко да Иран мәжілісі мен Ресей парламенттері арасында жақсы қатынастардың орнағанын, бұл қарым-қатынастардың аймақ пен әлемнің сезімтал жағдайында ерекше маңызды болып табылатынын қуаттады.

Матвиенко бұдан бұрын Теһранға жасайтын екі күндік сапары кезіндегі ИИР-ның қайраткерлерімен кеңесулерінің мақсатын түрлі салалардағы екіжақты қатынастарды ілгерілету және Таяу Шығыстағы, әсіресе, Сирияға қарсы лаңкестікпен күрестегі интеграцияны арттыру деп атаған болатын.