Трамп заңсыз мигранттарды елден шығармақ
(last modified Mon, 14 Nov 2016 09:11:00 GMT )
Қар 14, 2016 15:11 Asia/Almaty
  • Трамп заңсыз мигранттарды елден шығармақ

АҚШ-тың сайланған президенті 3 миллионға жуық заңсыз мигрантты осы елден шығаруға шешім қабылдады.

RTBF арнасының интернет сайтының мәліметі бойынша, АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп CBC арнасына берген сұхбатында заңсыз мигранттарды, әсіресе, бұрын істі болып, заңсыз саудамен айналысатын мигранттарды елден шығару немесе түрмеге қамауды алдағы уақытта жасалынатын шаралардың бірі деп атады.

АҚШ-тың сайланған президенті заңсыз мигранттардың санын шамамен 2-3 миллион деп санап, оларды қауіпсіздікті сақтау мақсатыеда өз елдеріне қайтаруды өзінің басты бағдары деп атады.

Дональд Трамп АҚШ президенті ретінде сайланғаннан кейін бір телеарнаға берген алғашқы сұхбатында "Обамакерді" сақтап қалатынын айтты.

АҚШ-тың сайланған президенті сонымен қатар АҚШ-тың Мексикамен шекарасында дуал орнататынын жариялады.

Осы сұхбаттың жалғасында Дональд Трамп Twitter желісін пайдалануын жалғастыратынын, себебі бұл әлеуметтік желінің оның жеңіске жетуінде маңызды рөл атқарғанын айтты.