Иран мен Қытай арасында әскери ынтымақтастықтар келісімшартына қол қойылды
https://itolqyn.com/news/world-i17953-Иран_мен_Қытай_арасында_әскери_ынтымақтастықтар_келісімшартына_қол_қойылды
Иран ислам республикасы мен Қытай арасындағы әскери- қорғаныстық ынтымақтастықтар келісімшартына Теһранда екі елдің Қорғаныс министрлерінің қатысуымен қол қойылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 14, 2016 19:32 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай арасында әскери ынтымақтастықтар келісімшартына қол қойылды

Иран ислам республикасы мен Қытай арасындағы әскери- қорғаныстық ынтымақтастықтар келісімшартына Теһранда екі елдің Қорғаныс министрлерінің қатысуымен қол қойылды.

Иран ислам республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі сардар Хосейн Деһқан және Қытайдың Қорғаныс министрі Чан Ваньцюань қос жақты, аймақтық және халықаралық салаларда екі елдің ынтымақтастықтарын қарастырған соң Иран мен Қытай арасындағы әскери- қорғаныстық ынтымақтастықтар келісімшартына қол қойды.

Әскери-қорғаныстық ынтымақтастықтарды әскери негіздерде, әсіресе білім саласы бойынша кеңейту мен аймақтағы лаңкестік және қауіпсіздік факторларымен жан-жақты күрес Иран мен Қытай Қорғаныс министрлері арасында қол қойылған келісімшарттың мазмұнын құрады.

Қытайдың Қорғаныс министрі Чан Ваньцюань аймақтық және әлемдік дағдарыстарға тосқауыл қою мақсатында Иран ислам республикасымен әскери- қорғаныстық ынтымақтастықтарды кеңейту шеңберінде Теһранға сапармен келіп отыр.