Иран мен Қытай қалалық ескі нысандарды жаңарту саласында ынтымақтастық жасайды
Иранның Жол және қала құрылысы министрі бейресми қоныстар мен қалалық ескі нысандарды жаңарту және қалпына келтіруде Қытайдың тәжірибелерді пайдалануға мүдделік танытты.
Жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Бейжіңде сапармен жүрген Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди сәрсенбі күні өзінің Бейжің сапарының үшінші күні осы елдің Тұрғын үй және қалалық аймақтарды дамыту министрі Чэнь Чжэнгаомен кездесіп, әңгімелесті.
Ахунди Ирандағы тұрғын үйдің қаржылық механизмдерін баяндап, арендалық тұрғын үй және мүлікпен қамтамасыз етудің механизмдерін, сондай- ақ тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдіктер мен кредит ұсынудың механизмдерін түсіндірді.
Иранның Жол және қала құрылыс министрі Қытайдың тұрғын үймен қамтамасыз ету негізіндегі ауқымды бағдарламаларына сілтеме жасап, осы елдің әсіресе жастар мен табысы аз топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлміндегі тәжірибелерін Ирандағы құзырлы ұйымдарға ұсынуға қызығушылық танытты. Чэнь Чжэнгао оған қолдау танытты.
Қытайдың Тұрғын үй және қалалық аймақтарды дамыту министрі де осы салада өзі басқарып отырған министрліктің Иранмен байланыстарын ұлғайтуға ынта білдірді.