Обама Трамптың қарсыластарын үнсіздік танытпауға шақырды
АҚШ Президенті Барак Обама Дональд Трампқа қарсы наразылықтарды халықтың сайлау науқаны кезіндегі Трамптың айтқан сөздеріне білдіріп жатқан алаңдаушылықтары деп атады.
АҚШ Президенті Барак Обама Германия Канцлері Ангела Меркельмен Берлиндегі кездесуінде америкалықтардың Дональд Трамптың сөздеріне алаңдаушылық білдіруін АҚШ демократиясындағы сөз азаттығының белгісі деп атап, наразыларды үнсіздік танытпауға шақырмайтынын айтты. Бұл Трамп сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Обаманың наразыларға бірінші рет қолдау танытуы. Трамп пен жақтастары наразылық білдірушілерді «кәсіби қарсыластар» деп атап, оларды америкалық ақпарат құралдарының түрткілерімен және ақша алып, шеруге шығуда деп санайды.