«Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баяндылығы қарсы тараптардың әрекеттеріне байланысты
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иранның өкілі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының баяндылығын қарсы тараптардың әрекеттеріне байланысты деп атады.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иранның өкілі Реза Наджафи аталмыш Агенттіктің Басқарушылар кеңесінің қараша айындағы Венада өткен кезеңдік отырысында Иранның Агенттік тарапынан бірнеше рет расталған «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын іске асыруына табанды болуына тоқталып: «Басқа тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындау деңгейі көңілден шықпайды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен ядролық мәселеге қатысты салынған барлық санкциялардың күшін жоюды және Иранмен ынтымақтастықтарды арттыруды қарастырады. «Алтылық» тобына кіретін елдер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бір-бірін құрметтеп, әртүрлі теріс әрекеттерден бойларын аулақ салып, оны іске асыру міндетіне ие»,- деді.
Наджафи сионистік реим өкілінің Иранға қарсы сөздеріне реакция білдіріп: «Израиль осы күнге дейін ядролық қару шығару және оны таратуға тыйым салатын NPT хаттамасына қосылған жоқ. Бұл басқыншы режимнің ядролық-әскери жасырын бағдарламасы бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікке төнген ең үлкен қоққан-лоққы»,- деп баса айтты.