Джон Кирби: Иранның ауыр су өндірісі «Ортақ қадам» келісімінің мазмұнына сай
АҚШ Мемлекеттік депмртаментінің ақпарат хатшысы Иранның ауыр су өндірісінің «Ортақ қадам» бағдарламасының мазмұнына сәйкес екендігін мойындады.
АҚШ Мемлекеттік депмртаментінің ақпарат хатшысы Джон Кирби Иранның ауыр су өндірісін арттыруы мен оны өзге елдерге сатуын Иранның «Ортақ қадам» келісімін бұзуының немесе оған берік болмауының белгісі еместігін қуаттады. АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы, сондай- ақ Иранның өзі өндірген ауыр судың артығын Оман еліне жөнелту туралы: «Артық өндірілген ауыр суды өзге елге жеткізу «Ортақ қадам» келісімін бұзу дегенді білдірмейді. Бұл іс Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің қадағалауымен іске асырылуда» деді.
Иран Атом Қуаты Ұйымының ақпарат хатшысы Беһруз Камалванди бұдан бұрын Иранның ауыр судың артығын шетелдерге, соның ішінде Оман еліне сататынын хабарлады. «Ортақ қадам» келісімі бойынша Иран өз қажетінен артық ауыр суды басқа елдерге сата алады. Иран ислам республикасы артық ауыр судың 42 тоннасын Америкаға, 39 тоннасын Ресейге сатты.