Ресейдің әскери- техникалық байланыстары құпия деп жарияланды
(last modified Wed, 23 Nov 2016 17:28:54 GMT )
Қар 23, 2016 23:28 Asia/Almaty
  • Ресейдің әскери- техникалық байланыстары құпия деп жарияланды

Ресей президенті өзге елдермен техникалық- әскери ынтымақтастыққа қатысты мәліметтердің құпиялығы туралы заңға қол қойды.

Ресей президенті Владимир Путиннің осы елдің шет мемлекеттермен техникалық-әскери ынтымақтастықтары туралы мағлұматтарды құпия деп жариялау заңы күшіне енгізілу үшін ол заң Ресейдің ресми құжаттары торабында таратылды. Жарлықта: «Өзге елдермен техникалық-әскери ынтымақтастықтарды орындау үшін бағдарламалар мен кездесулерге қатысты алғашқы мәліметтерді мерзімінен бұрын тарату Ресейдің мүддесіне соққы береді. Өйткені, бұл үкіметтік құпия болып саналады» деп жазылған. Ресей әлемнің шамамен 70 елімен техникалық- әскери ынтымақтастық жасап, осы елдердің бірнешеуіне соғыс жабдықтарын сатады.