Зариф: Кастро отаршылдықпен күресте теңдессіз тұлға болды
https://itolqyn.com/news/world-i18673-Зариф_Кастро_отаршылдықпен_күресте_теңдессіз_тұлға_болды
Иран Сыртқы істер министрі Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастроны езгіге ұшыраған ұлттардың тәуелсіздік сүйгіш күрестерінің үлгісі деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 26, 2016 21:27 Asia/Almaty
  • Зариф: Кастро отаршылдықпен күресте теңдессіз тұлға болды

Иран Сыртқы істер министрі Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастроны езгіге ұшыраған ұлттардың тәуелсіздік сүйгіш күрестерінің үлгісі деп атады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Куба халқы мен үкіметіне осы елдің революциясы жетекшісінің қазасына байланысты көңіл айтқан жолдауында: «Кастро отаршылдық және езушілікпен күресте теңдессіз тұлға болып, жапа шеккен ұлттардың тәуелсіздік сүйгіш күрестеріне де үлгі- өнеге еді» деп қуаттады.

Куба революциясының жетекшісі Фидель Кастро бүгін сенбі күні таңертең 90 жасында дүние салды.

Фидель Кастро Куба революциясына жетекшілік етумен қоса 1959-1976 ж.ж Кубаның премьер-министрі, 1976-2008 ж.ж. осы елдің президенті болды.