Зариф: Кастро үстемшілдермен күресті қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i18835-Зариф_Кастро_үстемшілдермен_күресті_қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі «Куба революциясының көсемі әрдайым дамушы елдердің ынтымақтастығын қуаттады»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 29, 2016 15:54 Asia/Almaty
  • Зариф: Кастро үстемшілдермен күресті қуаттады

ИИР Сыртқы істер министрі «Куба революциясының көсемі әрдайым дамушы елдердің ынтымақтастығын қуаттады»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Куба революциясының көсемі Фидель Кастроны еске алу рәсімінде Теһранда журналистердің алдында Гаванадағы Кастромен соңғы кездесуін еске алып: «Куба революциясының көсемі әрқашан Куба мен үшінші әлем елдерінің жағдайына алаңдаушылық білдірді. Фидель Кастро үстемшілдерге қарсы тұру және билеп-төстеушілерден құтылу үшін дамушы елдердің ынтымақтастығының қажеттілігін қуаттады»,- деді. Зариф Кастроның дүниеден озуын әсіресе Латын Америкасындағы азаттық талап ететін қозғалыстар үшін апат деп атап, бұл апатқа Куба халқының төзімділігінің жететіндігіне үміт білдіріп: «Фидель Кастроның билеп-төстеушілерге қарсы күресі  тарихта  мәңгілік есте қалады»,- деп баса айтты.