АҚШ пен Сауд Арабиясы ДАИШ - лаңкестік тобының құрылуының факторлары
WikiLeaks базасының негізін қалаушы АҚШ пен Сауд Арабиясын ДАИШ лаңкестік тобының құрылуының факторлары деп атады.
Пресс ТВ-дің мәліметінше, WikiLeaks базасының негізін қалаушы Джулиан Ассанж: «АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (СІА) мен Сауд Арабиясы ДАИШ лаңкестік тобының құрылуына жағдай жасады. 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйек оқиғасынан кейін АҚШ он жылдан астам уақытқа созылған соғысты бастады. Дәл осы соғыс ДАИШ-тың географиялық мекені мен қаржы ресурстарын анықтады. Сауд Арабиясының аймақтағы лаңкестерге қолдау көрсетуі ДАИШ-тың құрылуының келесі факторы. Сауд Арабиясы Батыс мемлекеттерінің қолдауынан пайда көретін лаңкестерге әшкере түрде көмектесуде. Қазір Сирия Президенті Башар Асад үкіметіне қарсы соғыста оларды қаржымен қамтамасыз етуде»,- деді.