Моше Яалон: ДАИШ Түркияға мұнай сатып, көп табысқа кенелді
Израиль режимінің Соғыс министрі сейсенбі күні: «Түркияның ДАИШ-тен мұнай сатып алып жатқанына ұзақ уақыт болды»,- деді.
«Рейтерс» ақпарат агенттігінің Афиныдан хабарлауы бойынша, Грекияда жүрген сионистік режимнің Соғыс министрі Моше Яалон ақпарат отырысында: «ДАИШ Түркияға мұнай сатып, көп табысқа кенелді. Біз бұл үдеріс аяқталады деп үміттенеміз. Түркия жиһадтық күштерге Еуропадан Сирияға қатынауға жағдай жасауда. Түркияның ДАИШ-ке көмектесуді жалғастыруы Анкара-Тель-Авив қарым-қатынастарын қайтадан жандандыруға кедергі болуы мүмкін»,- деді.
Осыдан біраз уақыт бұрын БҰҰ-дағы Ресей өкілі Виталий Чуркин Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде: «Түркия арқылы сатылатын мұнайдан лаңкестік топқа күн сайын бір жарым миллион доллар ақша түседі»,- деп айтқан болатын.