Катар – Сириядағы лаңкестерді демеуші елдердің көшбасшысы
БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Катардың бұрынғысынша лаңкестік топтардың демеушілерінің көшбасшысы болып отырғанын мәлімдеді.
БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар әл-Жафари осы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Катар, Сауд Арабиясы және Түркияның лаңкестікке қолдау көрсетіп отырғанын сынап: «Лаңкестік топтардың өкілдері Сирия армиясының Сирияның солтүстігіндегі Алепподағы үздіксіз жеңістеріне байланысты лаңкестерді құтқару үшін Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше отырыс өткізуіне мүдделілік танытты» деп мәлімдеді. БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі сондай-ақ израильдік қырғи ұшақтардың Сирияға жасаған шабуылдарын олардың лаңкестерге қолдау көрсетуге ұмтылысы деп атап: «Лаңкестік топтардың сириялық азаматтардың қанымен саудаласуы Дамасктің лаңкестікпен күресті тоқтатуына себеп болмайды» деп мәлімдеді.
Әл-Жафари лаңкестік топтардың Алеппоның шығысындағыы көптеген әскери емес азаматтарға қарсы жантүршіктірерлік қылмыстарына сілтеме жасап: «Лаңкестер Алеппоның шығысына жөнелтілген көмектерді сатып, әскери емес азаматтарды адам қалқаны ретінде қолданады» деді.