АҚШ Ирак пен Сирияда 54 қарапайым адамның қаза болғанын мойындады
(last modified Fri, 02 Dec 2016 13:16:37 GMT )
Жел 02, 2016 19:16 Asia/Almaty
  • АҚШ Ирак пен Сирияда 54 қарапайым адамның қаза болғанын мойындады

АҚШ армиясы бір мәлімдемеде: «Вашингтон басқаратын ДАИШ-ке қарсы деп аталатын коалиция ағымдағы жылдың наурыз айының отыз бірінен қазан айының жиырма екісіне дейін Ирак пен Сирияда 54 қарапайым адамды өлтірді»,-деп мойындады.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, осы мәлімдемеде тек шілде айында Сирияның солтүстігіндегі Манбидж қаласына жақын маңда жасалған тек бір шабуылда 24 қарапайым адамның қаза тапқаны айтылған.  

АҚШ бастаған ДАИШ-ке қарсы деп аталатын халықаралық коалицияның мәліметі бойынша,  өткен екі жылда осы коалиция қолынан 170-тен астам қарапайым адам қаза тапқан.

Бейресми мәліметтер бойынша, америкалық коалицияның Сирия мен Ирактағы шабуылдарында қаза болған қарапайым адамдардың саны ресми түрде жарияланған статистикалық мәліметтен әлдеқайда жоғары.

АҚШ пен осы коалицияға мүше басқа елдер ДАИШ лаңкестік тобымен күресте айтарлықтай жетістікке жетпеді. Бұл коалиция Дамаск пен Бағдад үкіметтері немесе БҰҰ-ның рұқсатынсыз өздерінің Сирия мен Иракқа әуе шабуылдарын бастаған болатын.   

 

Тегтер