Иранға қарсы санкцияларды ұзарту туралы қаулы – «Ортақ қадам» бағдарламасын әшкере түрде бұзу
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Әлиакбар Салехи АҚШ Сенатының Иранға қарсы санкцияларды 10 жылға ұзарту туралы қаулысын іс жүзінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әшкере түрде бұзу деп атады.
Иранның Атом қуаты ұйымының төрағасы Әлиакбар Салехи жұма күні ИИР Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иран АҚШ-тың шарасына өзінің ықтималды реакциясын жариялауды қажет деп санамайды, өйткені қажетті болжамдарды жасаған, осыған қатысты реакция білдіруге дайын.
«Иранда «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалуын бақылайтын топ осы бағдарламаның орындалуындағы өзгерістерді жіті бақылап, соған сәйкес тиісті шешімдерді қабылдайды.
«Иранның АҚШ-тың Өкілдер және Сенат палаталарының шарасына қатысты қарымта шаралары жоғары деңгейдегі жауапты басшылар қорытынды шешім қабылдағаннан кейін белгіленген уақытта жарияланып, тиісті шаралар атқарылатын болады»,-деп қуаттады.