Зариф: Үстемшілдіктің дәуірі өтті
https://itolqyn.com/news/world-i19147-Зариф_Үстемшілдіктің_дәуірі_өтті
ИИР Сыртқы істер министрі: «Азия елдерінде АҚШ-ты ұлықтап басқа көтеру бұл елдерге ауыр шығындар әкеледі»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 04, 2016 20:00 Asia/Almaty
  • Зариф: Үстемшілдіктің дәуірі өтті

ИИР Сыртқы істер министрі: «Азия елдерінде АҚШ-ты ұлықтап басқа көтеру бұл елдерге ауыр шығындар әкеледі»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сенбі күні Нью-Делиде Үндістанның таңдаулылары және ойшылдарымен кездесуінде: «Мына шындықты түсіну өте маңызды: АҚШ-ты қайта дәріптеу – қателік, өйткені үстемшілдіктің дәуірі өтті»,-деп қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрі ұлттардың қор болып, ұнжырғаларының түсуінің үстемшілдіктің салдары екенін айтып: «Ирак пен Ауғанстанға шабуыл жасау және осы елдерді басып алу экстремизм мен терроризмнің таралуына себеп болды»,-деді.

Зариф терроризмнің әлемдік сипатқа ие болғанын айтып: «Барлық елдер терроризмді  қолдаудың ешкімге пайда әкелмейтінін түсінуі тиіс. Экстремизм бір ғана елмен шектелмейді, өйткені ол әлеуметтік желілер арқылы таралады. Енді оны Ирак, Сирия немесе басқа елде ұстап тұру мүмкін емес»,-деді.

Зариф «Азияның жүрегі» атты екікүндік форумға қатысу үшін кеше сенбі күні Нью-Делиге барды.