Зариф: Иранның Ауғанстан үкіметі мен халқына қолдау көрсетуі жалғасуда
Иран Сыртқы істер министрі Иран ислам республикасының Ауғанстанның тұрақты, қауіпсіз және дамыған ел дәрежесіне жетуі үшін үкіметі мен халқына қолдау көрсетуге бекем бел буып отырғанын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні Үндістанның Амритсар қаласында "Азия жүрегі – Ыстамбұл үдерісі" атты алтыншы конференцияда сөйлеген сөзінде: «Ауғанстанға көмектесу үдерісі осыдан 5 жыл бұрын аймақтық ынтымақтастықты алға ілгерілету және Ауғанстанды қауіпсіз, тұрақты әрі дамыған ел деңгейіне жеткізу мақсатында іргесі қаланды» деді.
Зариф аймақта есірткі заттар өндіру мен экстремистік қатыгездіктердің өрістеуіне сілтеме жасап: «БҰҰ-ның есірткі заттарды бақылау бюросының соңғы мәліметтері бойынша есірткі заттар өндіру өткен жылы 43 пайызға өсіп, лаңкестік топтар мен есірткі заттар контрабандасымен айналысушылардың өсуі үшін қолайлы жағдай жасап отыр» деді.
Зариф ДАИШ-тің лаңкестік шараларының Ауғанстан ішінде өрістеуіне сілтеме жасап: «Иран бейбітшілік үдерісінің Кабул үкіметіне жол нұсқаумен және аймақ елдеріндегі барлық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы жалғасуына және Ауғанстанды баянды бейбітшілікке қарай бастауына үміт артып отыр» деді.