Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері Бейжіңде ақпарат отырысын өткізді
https://itolqyn.com/news/world-i19231
Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері барлық тараптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне берік болуы керектігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 05, 2016 22:08 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері  Бейжіңде ақпарат отырысын өткізді

Иран мен Қытай Сыртқы істер министрлері барлық тараптардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелеріне берік болуы керектігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Бейжіңде Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен бірлескен ақпарат отырысында Иранның ядролық мәселесін шешу үшін келіссөздердің нәтижеге жетуіндегі Қытайдың атқарған рөлін әсерлі деп бағалап: «Екі ел "Ортақ қадам" келісіміне жету үшін сындарлы ынтымақтастық жасады. "Ортақ қадам" келісімі көп жақты келісім. Барлық тараптар оған көңіл бөлуі керек. Бұл Теһран мен Бейжіңнің ортақ тұрғысы болып табылады» деді.

Зариф сондай- ақ аймақ өзгерістері туралы айтқан сөзінде: «Иран мен Қытай әсірешілдік және лаңкестікпен күрес халықаралық ынтымақтастықтар мен лаңкестік топтарға қатысты салғырттық танытпауды қажет етеді деп санайды»  деді.

Қытай Сыртқы істер министрі де осы ақпарат отырысында "Ортақ қадам" келісіміндегі міндеттемелердің мемлекеттердің ішкі мәселелерінің ықпалында қалмауы керектігін баса айтып: «Осы халықаралық келісімді орындау барлық құзырлы елдердің мойындарындағы жауапкершілік болып табылады. Барлық тарап "Ортақ қадам" келісіміндегі міндеттемелеріне берік болуы тиіс» деді.