Салеһи: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының бұзылуына Иран қатаң реакция білдіреді
Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын басқа тараптар бұзған жағдайда Иранның реакциясының қатаң болатынын қуаттады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи дүйсенбі күні Венада ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда жасаған баяндамасында: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болу басқа тараптардың аталмыш бағдарламадағы міндеттемелерін орындауына байланысты. ИИР осы уақытқа дейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындады және бұл бағдарламаны бұзуда бастаушы болмайды»,- деді. Әлиакбар Салеһи бұл отырыста сонымен бірге Иранның ядролық қарудан ада әлем құруды қолдайтындығын қуаттап, Таяу шығыс аймағын ядролық қарудан босатудың маңыздылығын қуаттады.
Салеһи сөзінің жалғасында сионистік режимнің НПТ хатаммасына қосылмауын ақтауға болмайтынын баса айтып, бұл режимнің әскери ядролық бағдарламасының аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке қарсы шынайы алаңдаушылық тудыратынын мәлімдеп:
«Ядролық қауіпсіздікке қатысты әрекеттер атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтарды әлсіретпеуі керек»,- деді.