Зариф: Американың аймаққа үстемдік етуінің дәуірі аяқталған
https://itolqyn.com/news/world-i19285-Зариф_Американың_аймаққа_үстемдік_етуінің_дәуірі_аяқталған
Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Батыстың, әсіресе Американың аймаққа үстемдік ету дәуірінің аяқталғанын мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 07, 2016 09:17 Asia/Almaty
  • Зариф: Американың аймаққа үстемдік етуінің дәуірі аяқталған

Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Батыстың, әсіресе Американың аймаққа үстемдік ету дәуірінің аяқталғанын мәлімдеді.

Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Қытайдың астанасы Бейжіңде студенттердің алдында сөйлеген сөзінде: «Кеңес Одағы ыдыраған соң Батыста оны өздері үшін жеңіс деп санаған қате пікір қалыптасты. Осы түсінік шеңберінде АҚШ өзін әлемдік бірегей алпауыт ретінде көрсетуге, мойындатуға талпыныс жасап, Ирак пен Ауғанстан сияқты елдерді басып алды. Алайда осы қате түсініктен туындаған үстемшілдіктің дәуірі бүгінде аяқталған.

Әлем жұртшылығының алдында қоршаған ортадан экстремизм мен лаңкестікке дейін көптеген мәселелер тұр. Қытай маңызды ойыншы ретінде осы өтпелі кезеңде белсенді рөлге ие.

Әлемде әсірешілдік пен лаңкестікке деген бетбұрыстың негізгі себебі жиіркеніш сезімі, үмітсіздік және наразылық болып отыр. Бұл басқыншылықтың халықтар үшін салдарлары болып табылады.

Мәдени және университеттік бағдарламалар әсірешілдікке тосқауыл қоюдың жолы бола алады, өйткені әскери ұстаным әсірешілдіктің шешім жолы бола алмайды» деді.