Зариф: Иран шетелдік инвесторлар үшін қауіпсіз нарық
(last modified Wed, 07 Dec 2016 08:53:51 GMT )
Жел 07, 2016 14:53 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран шетелдік инвесторлар үшін қауіпсіз нарық

Иран Сыртқы істер министрі Иранның шетелдік инвесторлар үшін аймақтың ең қауіпсіз мемлекеті екендігін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Токиодағы Иран мен Жапонияның бірінші сауда конференциясында сауда ұйымдарын екі елдің экономикалық қарым-қатынастарын алға ілгерілетуші фактор деп атап: «Иран мен Жапония екі жақты экономикалық қарым-қатынастарын дамыта алатын көптеген мүмкіндіктерге ие»,- деді.

Зариф Иранның әлемнің мемлекеттерімен сауда және экономикалық ынтымақтастық жасауға мүдделік танытатынын қуаттап: «Иран – оңтүстікті  солтүстікке,  Бандар-Аббасты  Парсы шығанағы мемлекеттеріне,  Чабаһардан Орталық Азия және Әзірбайжан және Кавказ аймағына қосатын дәліз. Бұл мәселе Иранның  айбынды түрде әлемдік экономикамен қарым-қатынас орнатуына себеп болады»,- деп қуаттады. Ол Иран мен Жапонияның Ауғанстандағы есірткімен күрес саласындағы  ынтымақтастығын екі елдің ынтымақтастықтарының негіздерінің  бірі деп атады. Зариф сондай-ақ лаңкестік мәселесіне және оның аймақ үшін қоқан-лоққы болуына тоқталып: «Иранның жоғары қауіпсіздігі  жапониялық инвесторлар үшін өте жақсы мұрсат»,- деп қуаттады.