АҚШ-ның қалаулы президентінің әскери саясаты жарияланды
АҚШ-тың қалаулы президенті: «Келесі үкіметтің әскери саясаты шетелдік киікілжіңдерге араласудан аулақ болу, ДАИШ- ті жеңіліске ұшыратуға ден қою және әскери күшті күшейту арқылы бейбітшілікке қол жеткізу болмақ» деді.
«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың қалаулы президенті Дональд Трамп Солтүстік Каролина штатында сөйлеген сөзінде Иракқа әскери шабуылдың жасалуының қателік болғанын қуаттап: «Америка бұдан былай еш таныстығы жоқ үкіметтерді құлатуды мақсат етпейді және ондай шараларға да араласпайды. Біздің мақсаттарға келісуші мемлекет Американың серіктесі болып саналады» деді.
АҚШ-тың Таяу Шығыстағы соғыстарға 6 триллион доллар шығын жұмсағанына сілтеме жасаған Трамп осындай шығындардың орнына Американың жолдарын, көпірлерін, туннелдері мен әуежайларын қалпына келтіруге қаржы салынатындығына сөз берді.
Трамп Американың айбындылық арқылы бейбітшілікті мұрат ететінін қуаттап: «Араласу және бейбастақтық саясатын доғару керек. АҚШ армиясы шапқыншылық үшін емес, сақтану үшін күшейтілуі керек» деді.