Хошру: Канаданың Сирияға қарсы қарары Сириядағы шындықтардан алшақ
Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі Канаданың Сирияға қарсы қарарының алғы нұсқасының Сириядағы қазіргі жағдайдан алшақ екенін айтып: "Бұл қарарда Сирияның басты мәселесі, яғни, осы елдегі лаңкестік топтардың іс-әрекеттеріне ешқандай сілтеме жасалмаған" деді.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Ғоламали Хошру жұма күні кешке БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Канаданың Сирияға қарсы қарарының алғы нұсқасын қарастыру туралы отырысы басталар алдында: "Бұл қарар Сириядағы қазіргі жағдайдан алшақ біржақты құжат болып табылады" деп ескертті.
Иранның ББҰ-дағы тұрақты өкілі Канаданың Сирияға қарсы қарарының алғы нұсқасын қолдаушы елдерден, соның ішінде Ұлыбританиядан неліктен Сирияда лаңкестікпен күресіп жатқан елдерді жазғырып отырғанын сұрап: "Егер осы елдердің жерінің бір бөлігін лаңкестер басып алса қайтер еді? Лаңкестерді жою үшін әскери амалдар жүргізбес пе еді?" деп қуаттады.
Канаданың Сирия туралы ұсынған қарары жұма күні кешке БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүшелерінің 122 оң дауысымен бекітілді. 13 ел бұл жобаға қарсы дауыс беріп, тағы 36 ел қалыс қалды.