Хошру: Канаданың Сирияға қарсы қарары Сириядағы шындықтардан алшақ
https://itolqyn.com/news/world-i19477-Хошру_Канаданың_Сирияға_қарсы_қарары_Сириядағы_шындықтардан_алшақ
Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі Канаданың Сирияға қарсы қарарының алғы нұсқасының Сириядағы қазіргі жағдайдан алшақ екенін айтып: "Бұл қарарда Сирияның басты мәселесі, яғни, осы елдегі лаңкестік топтардың іс-әрекеттеріне ешқандай сілтеме жасалмаған" деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 10, 2016 14:14 Asia/Almaty
  • Хошру: Канаданың Сирияға қарсы қарары Сириядағы шындықтардан алшақ

Иранның БҰҰ-дағы елшісі әрі тұрақты өкілі Канаданың Сирияға қарсы қарарының алғы нұсқасының Сириядағы қазіргі жағдайдан алшақ екенін айтып: "Бұл қарарда Сирияның басты мәселесі, яғни, осы елдегі лаңкестік топтардың іс-әрекеттеріне ешқандай сілтеме жасалмаған" деді.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Ғоламали Хошру жұма күні кешке БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Канаданың Сирияға қарсы қарарының алғы нұсқасын қарастыру туралы отырысы басталар алдында: "Бұл қарар Сириядағы қазіргі жағдайдан алшақ біржақты құжат болып табылады" деп ескертті.

Иранның ББҰ-дағы тұрақты өкілі Канаданың Сирияға қарсы қарарының алғы нұсқасын қолдаушы елдерден, соның ішінде Ұлыбританиядан неліктен Сирияда лаңкестікпен күресіп жатқан елдерді жазғырып отырғанын сұрап: "Егер осы елдердің жерінің бір бөлігін лаңкестер басып алса қайтер еді? Лаңкестерді жою үшін әскери амалдар жүргізбес пе еді?" деп қуаттады.

Канаданың Сирия туралы ұсынған қарары жұма күні кешке БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүшелерінің 122 оң дауысымен бекітілді. 13 ел бұл жобаға қарсы дауыс беріп, тағы 36 ел қалыс қалды.