Британдық қарулардың Сауд Арабиясына сатылып жатқаны белгілі болды
Ағылшын газеті: «Лондон Парсы Шығанағы өңіріндегі басып-жаншушы араб елдеріне, соның ішінде Сауда Арабиясына қару- жарақ сатуды күн тәртібіне қойып отыр» деп жазды.
ИРНА-ның жексенбі күнгі мәліметіне сәйкес, «The Independent» газеті: «Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының кейбір мүшелерінің сынауына қарамастан қазір әскери жүктер кейбір елдерге жөнелтіліп жатыр» деді.
"Қару саудасына тосқауыл қою" азаматтық тобының мүшесі Эндро Смит: «Бүгінде британдық қарулар Йеменді ойрандауда маңызды рөл атқарып жатыр. Қару экспорттау кейбір басып- жаншушы үкіметтерге қолдау көрсету болып табылады» деді.
«The Independent» газетінің жазуынша, Ұлыбританияның қорғаныстық және әскери өнеркәсібі жылына 7,7 млрд фунттан астам табысымен осы елдің экономикасында маңызды рөл атқарып отыр.