Иранмен сауда- саттық байланысын орнатудың нәтижесінде Германияда 80 000 жұмыс орыны пайда болады
(last modified Thu, 03 Mar 2016 14:27:51 GMT )
Нау 03, 2016 20:27 Asia/Almaty
  • Иранмен сауда- саттық байланысын орнатудың нәтижесінде  Германияда 80 000 жұмыс орыны пайда болады

Германияның Өнеркәсіп және сауда палатасының сыртқы сауда бөлімінің төрағасы Иран мен Германия арасындағы экономикалық және сауда байланыстарының жандануы Германияда 80 000 жаңа жұмыс орнының пайда болуына себеп болатынын мәлімдеді.

Фолькер Трайер Берлинде өткен Иран мен Германияның алғашқы экономикалық форумы аясында «Германия» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Иранға қарсы санкциялардың күшінің жойылуы Германияда біз үшін жүздеген мың жұмыс орнының пайда болуына жол ашады.

Иран энергия саласында бай табиғи қорға ие болғандықтан, Германияның Иранға экспорты алдағы бірнеше жылда бес есе артып, 10 млрд еуроға да жете алады.

Иран 70-ші он жылдықта Германияның Еуропадан тыс екінші әрі ең маңызды экономикалық серіктесі болды. Иранға қарсы экономикалық санкциялардың күшінің жойылуымен Германия экономикасы үшін осы елден құны бірнеше млрд еуроны құрайтын тапсырыстың жасалуына жол ашылып отыр» деді.

Ол осыдан бұрын да 2016 жылы Германияның Иранға экспорты екі есе өседі деген болжам айтқан болатын.

Тегтер