Ресей Сирияға қатысты келіссөздерді Қазақстанда жалғастырады
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары сириялық келіссөздерді шынайы түрде Қазақстанда жалғастыратындықтарын қуаттады.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов сириялық келіссөздерді Қазақстанда шынайы түрде жалғастыратындықтарын қуаттап: «Сириялық келіссөздерді Қазақстанның елордасы Астанада өткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүзеге асырылды. Қазақстан бұдан бұрын да Сирия қарсыластары арасындағы кездесулерді өткізген болатын. Сол себепті осы негізде оң рөл атқару үшін тиісті тәжірибеге ие» деді.
Богданов Ресей, Түркия және Иран Сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде кездесуі өтетінін растап, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың өзінің түрік және ирандық әріптестерімен бұл жөнінде телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді.
Богданов Сирияның Пальмира қаласы жөнінде де: «Мәскеу Сирия армиясының Пальмира қаласындағы әскери амалдарын қолдайды. Негізгі миссия "ән-Носрат майданы" мен ДАИШ-тың жертөлелерін жою болып табылады» деді.
ДАИШ өткен аптада Пальмира қаласына кең- ауқымды шабуыл жасап, осы қаланы өз бақылауына алды.