Қытай Американың сүңгуір қайығын қайтарды
Жел 20, 2016 21:19 Asia/Almaty
Қытайдың Қорғаныс министрлігі өзінің ғаламтордағы торабында мәлімдеме жариялап: «Достық негіздегі кеңесулерден кейін Қытай Оңтүстік Қытай теңізінде тәркілеген Американың экипажсыз сүңгуір қайығын сол елге қайтарды» деп мәлімдеді.
Қытай Армиясының теңіз күштері өткен аптада Американың бір сүңгуір қайығын тәркілегенін хабарлап, АҚШ- тың Қорғаныс министрлігі де осы хабарды растаған болатын. АҚШ- тың Қорғаныс министрлігі сүңгуір қайығының миссиясын халықаралық теңіздерде ғылыми мәліметтер жинастыру деп атап, Вашингтонның огы қайтаруды қуаттайтынын мәлімдеген.
Тегтер