Жел 21, 2016 08:37 Asia/Almaty
  • БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияның Алеппо қаласы туралы қарарына Иран реакция білдірді

Иран ислам республикасының Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияның Алеппо қаласы туралы қарарын лаңкестікті қолдаушылардың барлаушыларының осы қалаға кіруіне алғышарт әзірлейді деп бағалады.

ИРНА-ның хабарлауынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани тілшілерге берген сұхбатында Алеппо қаласының лаңкестік топтардың басқыншылығынан азат етілуін Сирия армиясы мен қарсыласу майданы үшін үлкен әскери жетістік деп бағалап: «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №2328 қарарының бекітілуі бұрынғы бүлдіргі әрекеттердің жалғасындағы шара болып табылады. Бұл қарар лаңкестікті демеуші елдердің бақылаушы күштер қалпында барлаушы және әскери күштерінің Алеппоға келуіне алғышарт әзірлейді» деді.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Батыс пен оның аймақтық одақтастарының қылмыстары мен адамзатқа қарсы шаралары баршаға аян белгілі лаңкестерге қолдау көрсетіп отырғанына сілтеме жасап: «Батыс пен аймақтағы кейбір елдердің қабылдауға келмейтін осы әрекеті лаңкестікті саяси мақсаттар үшін құрал ретінде қолданудың стратегиялық қырларға ие екенін көрсетеді» деді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері дүйсенбі күні Алеппоны лаңкестерден босатуды және осы қалада қалатын әскери емес азаматтардың тағдыры туралы есеп даярлауды қадағалау үшін осы ұйымның күштерін Сирияның Алеппо қаласына орналастыруға келісті.

 

 

Тегтер