БҰҰ Бас ассамблеясының қарары – Сирияның ішкі ісіне араласу
https://itolqyn.com/news/world-i20965-БҰҰ_Бас_ассамблеясының_қарары_Сирияның_ішкі_ісіне_араласу
Сирияның БҰҰ-дағы өкілі БҰҰ Бас ассамблеясында Лихтенштейн мен Катар ұсынған Сириядағы қылмыстарды тексеру үшін тәуелсіз топ құру туралы қарардың бекітілуін Сирияның ішкі ісіне араласу деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 22, 2016 15:06 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас ассамблеясының қарары – Сирияның ішкі ісіне араласу

Сирияның БҰҰ-дағы өкілі БҰҰ Бас ассамблеясында Лихтенштейн мен Катар ұсынған Сириядағы қылмыстарды тексеру үшін тәуелсіз топ құру туралы қарардың бекітілуін Сирияның ішкі ісіне араласу деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирияның БҰҰ-дағы өкілі Башар әл-Джафари сәрсенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының Сириядағы соғыс қылмыскерлерін соттау туралы қарарын заңсыз деп бағалап: «Тексеру, соттау және заңмен қудалау БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің өкілеттігіне жатады»,-деді.

Башар әл-Джафари бұл қарардың баптарын  БҰҰ жарғысын әшкере түрде бұзу деп атап: «БҰҰ-ның жарғысы бұл ұйымға әрбір елдің ішкі міндетіне жататын істерге араласуға рұқсат бермейді. Егер БҰҰ Бас ассамблеясы Сириядағы қылмыскерлерді соттауға қатысты шара қолданғысы келсе, Сирия үкіметі келіскеннен кейін бұл міндет БҰҰ-ның Бас хатшысы тарапынан Бас ассамблеяға жүктелуі керек. Алайда Сирияға қарсы қарар ұсынғандар осы жайттардың ешқайсысына көңіл аудармаған»,-деп мәлімдеді.