Иран палестиналықтардың талаптары мен олардың басқыншылыққа қарсылық танытуын қолдайды
https://itolqyn.com/news/world-i21463-Иран_палестиналықтардың_талаптары_мен_олардың_басқыншылыққа_қарсылық_танытуын_қолдайды
Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы: «Теһран палестиналықтардың талаптары мен олардың сионистік режимнің оккупациясына қарсылығын қолдауда кез-келген әрекетті құптайды», - деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 25, 2016 15:14 Asia/Almaty
  • Иран палестиналықтардың талаптары мен олардың басқыншылыққа қарсылық танытуын қолдайды

Иран Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы: «Теһран палестиналықтардың талаптары мен олардың сионистік режимнің оккупациясына қарсылығын қолдауда кез-келген әрекетті құптайды», - деді.

Иран Сыртқы Істер Министрлігінің БАҚ дипломатиясы бас басқармасының мәлімдеуінше ИИР СІМ Баспасөз хатшысы Бахрам Қасеми сенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Палестина халқына қолдау көрсетуге байланысты қаулысына қатысты: «Сионистік режимнің Палестина аумағында қоныстарды кеңейту мақсатындағы саясаттары мен әрекеттері халықаралық заңдар мен құқықтарға қайшы келеді. Иран бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатын.

Кейбір алпауыт мемлекеттердің сионистік режимнің қылмыстарын ұзақ уақыт бойы қолдауына, әсіресе Қауіпсіздік кеңесінде вето құқығын қолдануына қарамастан, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қаулы қабылдауы халықаралық қоғамдастықтың Израиль басқыншылығын тоқтату мен Палестина халқының құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шешімін көрсетеді. Тәжірбие көрсеткендей, бұл режим ешбір халықаралық шарттар мен міндеттемелерге берік емес.

Палестина мәселесінің шешілуі халықаралық қоғамдастықтың Палестинаның мазлұм халқының құқықтарын жүзеге асыру және сионистік режимнің экспансиялық саясаттарымен күресу аясында шынайы әрі шешімді талпыныстарын қажет етеді»,- деді.