Түркия Украинаға тегін әскери құрал-жабдық береді
https://itolqyn.com/news/world-i2152-Түркия_Украинаға_тегін_әскери_құрал_жабдық_береді
«Спутник» ақпарат агенттігі Түркияның Украинаның қарулы күштеріне құны 736 мың еуро тұратын әскери құрал-жабдықтарды тегін беретіндігін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 05, 2016 19:29 Asia/Almaty
  • Түркия Украинаға тегін әскери құрал-жабдық береді

«Спутник» ақпарат агенттігі Түркияның Украинаның қарулы күштеріне құны 736 мың еуро тұратын әскери құрал-жабдықтарды тегін беретіндігін хабарлады.

Украина үкіметі жуықта осы негізде бір келісімшарттың алғашқы нұсқасын бекітті. Украина министрлерінің баспасөз бюросы өз мәлімдемесінде: «Түркия тарапынан берілетін аталмыш жабдықтар Украина қарулы күштерінің әскерилеріне демеушілік жасау үшін қолданылады. Осы әскери жабдықтарды қолдану Украинаның қорғаныстық әлеуетінің жоғары деңгейін сақтауға көмектеседі» деп қуаттады.