Қазақстан Сирия жөніндегі бейбітшілік келіссөздерін өткізуге әзірлік танытты
Жел 26, 2016 21:35 Asia/Almaty
Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің Сирия туралы көп жақты бейбітшілік келіссөздерін өткізуге әзірлігін хабарлады.
«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Санкт- Петербургке жасаған сапары барысында Қазақстанның Астана отырысында барлық келісімгер тараптарды қабылдауға әзірлігін мәлімдеді.
Путин жұма күні: «Ресей, Иран, Түркия және Сирия президенті Башар Асад Сирия жөніндегі бейбітшілік келіссөздерін Қазақстанның елордасында өткізуге келісті» деп мәлімдеді.
Тегтер