Джабер Ансари: Сауд Арабиясы шындықты қабылдауы тиіс
https://itolqyn.com/news/world-i2185
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясы өзінің айналасында өзгерген жағдайды қабылдауы тиіс»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 06, 2016 14:37 Asia/Almaty
  • Джабер Ансари: Сауд Арабиясы шындықты қабылдауы тиіс

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Сауд Арабиясы өзінің айналасында өзгерген жағдайды қабылдауы тиіс»,-деді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Садеқ Хосейн Джабер Ансари: «Ішкі және айналадағы өзгерістермен күресу саясаты алдын ала жеңіліске ұшыраған. Сауд Арабиясы осы өзгерістермен қатар өмір сүру үшін өзінің саясатын қайта қарауы тиіс. Сауд Арабиясының қиындығы шындықтарды, ішкі, аймақтық және халықаралық өзгерістерді қабылдамау болып табылады. Бұл өзгерістерді теріске шығару саудиялықтарды ауыр шығынға батырды. Иран Сауд Арабиясымен, сондай-ақ ешбір ислам елімен қақтығысып, өзара қарым-қатынаста дағдарыс тудыруды қаламайды. Бірақ Сауд Арабиясы Иранмен жауласуды тікелей өз күн тәртібіне қойып отыр. Сауд Арабиясының тайталасу саясаты ұзаққа созыла алмайды. Бұл ел ерте ме, кеш пе әлем мен аймақтағы шындықтарды қабылдап, тату көршілестік пен өз мүддесін сақтауы тиіс болады»,-деп қуаттады.