Сирия Иран мен Ресейге алғыс айтты
https://itolqyn.com/news/world-i22072-Сирия_Иран_мен_Ресейге_алғыс_айтты
Сирия Сыртқы істер министрі Иран мен Ресейдің осы елде ымыра орнату үшін жасаған талпыныстарына алғыс айтты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 30, 2016 16:54 Asia/Almaty
  • Сирия Иран мен Ресейге алғыс айтты

Сирия Сыртқы істер министрі Иран мен Ресейдің осы елде ымыра орнату үшін жасаған талпыныстарына алғыс айтты.

Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл- Муаллим бейсенбі күні кешке атыс тоқтату келісімшартының орындалуы қарсаңында: «Сирия Иран және Ресеймен осы келісімшарттың іргесін қалаушылар ретінде бір шепте» деді.

Сирия Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифпен бейсенбі күні түстен кейін телефон арқылы кеңесуде ирандық тараптың Сирияның жанынан табылатындығын және Дамаск үкіметінің лаңкестікке қарсы күрестерін одан әрі қолдайтындығын қуаттап: «Владимир Путин бейсенбі күні Мәскеуде Сирияда өшпенділік шаралардың тоқтатылатынын және ымыра орнатылатынын хабарлады. Сондықтан біз Ресейдің кепілдік беруіне сенеміз. Хезболла Түркияның шекараларынан Сирияға кірген жасақшы топтарға қайшы заңды үкіметтің ресми өтінішімен Сирияда құзырға ие болып отыр. Сирия халқы мен басшыларының пікірінше Түркия Сирия жерінің бір бөлігін басып алған шапқыншы ел болып табылады. Сауд Арабиясы мен Катар Сирияда жеңіліске ұшырағанын әлі түсінбей отыр. Қарулы топтардан жеті топ атысты тоқтату келісіміне қол қойған. Осы топтар ДАИШ және "ән-Носрат майданы" лаңкестік топтарынан алшақтауы керек» деді.