Теһран- Баку экономикалық комиссиясының қорытынды құжатына қол қойылды
Иран мен Әзірбайжан республикасының экономикалық ынтымақтастықтар бірлескен комиссиясының 11-ші отырысының қорытынды құжатына Нахчыван автономиялы республикасында осы комиссияның ирандық және әзірбайжандық төрағалары Махмуд Ваэзи мен Шаһин Мұстафаевтің қатысуымен қол қойылды.
Иран мен Әзірбайжан республикасының экономикалық ынтымақтастықтар бірлескен комиссиясының ирандық төрағасы Махмуд Ваэзи осы комиссияның 11- ші отырысының қорытынды құжатына қол қою рәсімінде алдағы екі айға дейін Астара-Астара темір жолын пайдалануға беру, ауылшаруашылығы мен қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейту және виза режимін жеңілдетуді екі елдің келісімдеріне жатады деп мәлімдеді.
Ваэзи алдағы екі аптада Бакуде дәрі-дәрмек өндірісі кәсіпорнын салуды бастау, Нефтечалада көлік жасау кәсіпорнын салуды тездету және Әзірбайжан республикасына дәрі экспорттауды Иран мен Әзірбайжан республикасының экономикалық ынтымақтастықтар бірлескен комиссиясының 11-ші отырысының қорытынды құжатындағы маңызды келісімдер деп атады.
Әзірбайжан республикасының Экономика министрі Шаһин Мұстафаев та Иран мен Әзірбайжан республикасының экономикалық ынтымақтастықтар бірлескен комиссиясының 11-ші отырысының нәтижелері мен келісімдеріне ризалық білдіріп, осы отырыстың бір бөлігін Нахчыванда өткізуді Иранның Нахчыванды дамытуға бірлесіп ынтымақтастық жасауға және осы автономиялы республиканың нарығына қатысуға ерекше көңіл бөліп отырғаны деп атады.
Сейсенбі күні Бакуде өз жұмысын бастаған Иран мен Әзірбайжан республикасының экономикалық ынтымақтастықтар бірлескен комиссиясының үш күндік 11- ші отырысы бейсенбі күні Нахчыван автономиялы республикасының жоғары мәжілісінің төрағасы Васеф Талибовтың қатысуымен осы республикада өз жұмысын аяқтады.
Ваэзи Талибовпен кездесуде Иранның Нахчыван автономиялы республикасы мен Әзірбайжан республикасы арасындағы байланыс көпірі ретіндегі рөліне сілтеме жасап: «Екі тарап қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы сауда және экономикалық байланыстарды кеңейтуді мақсат етеді» деді.
Нахчыван автономиялы республикасының жоғары мәжілісінің төрағасы да осы кездесуде шекаралық және кедендік ынтымақтастықтар мен Иран жерінен Нахчыванға тауар транзиттауды маңызды деп атап: «Нахчыван-Машһад жолаушы поезын іске қосу Иран мен Әзірбайжан республикасы арасындағы жолаушылар қарым- қатынасын жеңілдетумен қоса екі ел халқының жақын ынтымақтастығының анағұрлым артуына себеп болады» деді.
Иран темір жол компаниясының атқарушы директоры Саид Мұхаммадзаденің айтуынша, Нахчыван-Машһад поезы жексенбі мен бейсенбі күндері Нахчываннан, дүйсенбі мен жұма күндері Машһадтан жолға шығатын болады.
Нахчыван-Машһад және Машһад-Нахчыван жолаушы поезы бейсенбі күні ашылды. Нахчыван-Машһад жолаушы поезы Иран ислам республикасы мен Әзірбайжан республикасы президенттерінің келісімі шеңберінде іске қосылды.