Украинаның шығысында атысты тоқтату шарты қайтадан бұзылды
https://itolqyn.com/news/world-i226-Украинаның_шығысында_атысты_тоқтату_шарты_қайтадан_бұзылды
Украина армиясы жасақшыларды алдыңғы шепте осы ел армиясының бекіністеріне шабуыл жасап, атысты тоқтату шартын қайтадан бұзды деп айыптады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 01, 2016 22:05 Asia/Almaty
  • Украинаның шығысында атысты тоқтату шарты қайтадан бұзылды

Украина армиясы жасақшыларды алдыңғы шепте осы ел армиясының бекіністеріне шабуыл жасап, атысты тоқтату шартын қайтадан бұзды деп айыптады.

Армия дереккөздері армияның бекіністері Украинаның шығысындағы Донецк аймағының төңірегінде өткен тәулікте 50 реттен астам нысанаға алынып, шабуылға ұшырағанын хабарлап: «Осы шабуылдар барысында Ресейді қолдаушы жасақшылар Минск келісімшарттарында қолдануға тыйым салынған қаруларды пайдаланды» деп мәлімдеді.

Өткен айда Киев және Ресейді қолдаушы күштер соғысты уақытша тоқтату туралы келісімшарт жасады. туралы келісті. Осы келісімшарт бұзылған бұрынғы келісімшарттардың барлығының орнын басты.

20 айға созылған Украинаның шығысындағы қақтығыстарда осы уақытқа дейін мыңдаған адам қайтыс болды.

Украина үкіметі мен осы елдің шығысындағы қарсыластар бірін- бірі атысты тоқтату шартын бұзып отыр деп айыптауда.

2015 жылы ақпан айында Ресей, Германия және Франция басшыларының араағайындығымен қол қойылған Минск келісімшартында Украинаның шығысында атысты тоқтату бітімін орнатумен қоса, Украинаның шығысындағы қарсыластардың арнайы мәртебесін ресми тану мақсатында Конституцияға түзету енгізу де қарастырылған.