АҚШ-тың Ирактың солтүстігіндегі әрекеті күдікті деп аталды
https://itolqyn.com/news/world-i2260
Ирак халықтық күштері қолбасшыларының бірі АҚШ- тың Ирактың солтүстігіндегі Мосулді азат етудегі мақсатын күдікті деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 07, 2016 00:50 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Ирактың солтүстігіндегі әрекеті күдікті деп аталды

Ирак халықтық күштері қолбасшыларының бірі АҚШ- тың Ирактың солтүстігіндегі Мосулді азат етудегі мақсатын күдікті деп атады.

Ирактың халықтық күштері қолбасшыларының бірі Кәрим Ән- Нури жексенбі күні Иранның шетелдік торабының араб тіліндегі радиосына берген сұхбатында: «АҚШ Ирактың солтүстігіндегі Нейнава облысының орталығы Мосулды азат ету амалдарының басталуын жария етуімен осы аймақта бекінген ИСИМ лаңкестерін құтқарып, Иракты бөлу жобасын күшіне енгізбек. АҚШ Мосулде ИСИМ- нің жетекшілері үшін қауіпсіз өткелдер құруды мақсат етіп отыр.

АҚШ ең басынан ИСИМ лаңкестік тобына қолдау көрсетіп, осы топтың әрекеттерінің Ирак астанасы Бағдадқа жетуіне талпыныс жасады. Мосул құлаған сәттен-ақ бұл оқиғаны Ирактағы сүнниттердің қарсыласуы деген уәж айтты» деді.

Кәрим Ән- Нури АҚШ- тың араласу шаралары ИСИМ лаңкестік тобының қарамағындағы Ирактың түрлі аймақтарын азат ету үдерісіне кесірін тигізеді деп ескертті.