Мадуро Венесуэла халқының бірігуін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i2263-Мадуро_Венесуэла_халқының_бірігуін_қуаттады
Венесуэла президенті осы ел халқының бірігуі керектігін қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 07, 2016 00:53 Asia/Almaty
  • Мадуро Венесуэла халқының бірігуін қуаттады

Венесуэла президенті осы ел халқының бірігуі керектігін қуаттады.

Венесуэла президенті Николас Мадуро сенбі күні осы елдің марқұм президенті Уго Чавестің қазасының үшінші жылдығына байланысты өткен шарада Венесуэла халқынан империализмге тосқауыл қою үшін бірігуді сұрады.

Венесуэла президенті дұшпандардың астыртын әрекеттеріне қарамастан Венесуэланың боливарлық революция бағытында әрекетін жалғастыратынын қуаттады. Боливия, Никарагуа және Сальвадор елдерінің президенттері Венесуэланың астанасы Каракастағы Чавестің қазасының үшінші жылдығына орай өткізілген шараға қатысты.