Қазақстанның алғашқы гуманитарлық көмегі Сирияға жетті
Қазақстанның алғашқы гуманитарлық көмегі Сирияның Тартус портына келіп жетті.
Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Азық-түлік пен дәрі-дәрмектен тұратын Қазақстанның гуманитарлық көмек жүктері жұма күні Қазақстанның Йорданиядағы елшісі Азамат Бердібайдың қадағалауымен Сирияның Тартус кемежайына келіп жетті.
Қазақстанның Йорданиядағы елшісі: «Астана халықаралық қауымдастық, Сирия үкіметі мен наразылық топтарының татуласу келіссөздері арқылы соғысты аяқтауға бағытталған әрекеттерін қолдайды»,- деп мәлімдеді.
Сирияның саяси зерттеулер орталығының 2016 жылдың ақпан айындағы мәліметі бойынша, 2011 жылдан бері Сириядағы тынышсыздықтардың салдарынан тікелей және жанама түрде шамамен екі миллион адам жарақат алған.
Сонымен қатар, Сириядағы бес жылдық соғыстың салдарынан елдегі және одан тыс миллиондаған адам басқа елдерден пана іздеп, босқындап кеткен.