Иран мен Қытайдың мәдени ынтымақтастығын кеңейтудің қажеттілігі қуатталды
https://itolqyn.com/news/world-i22939-Иран_мен_Қытайдың_мәдени_ынтымақтастығын_кеңейтудің_қажеттілігі_қуатталды
Қытайдың «Hebei» университетінде парсы ақыны шираздық Сағди мен философ Конфуцийдің ойларына шолу жасалған бір күндік халықаралық екінші форум өз жұмысын аяқтады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 09, 2017 22:20 Asia/Almaty
  • Иран мен Қытайдың мәдени ынтымақтастығын кеңейтудің қажеттілігі қуатталды

Қытайдың «Hebei» университетінде парсы ақыны шираздық Сағди мен философ Конфуцийдің ойларына шолу жасалған бір күндік халықаралық екінші форум өз жұмысын аяқтады.

Қытайдағы Иранның мәдени орталығының басшысы Мұхаммад Расул Алмасие осы форумда сөйлеген сөзінде: «Сағди мен Конфуций сияқты ұлы адамдардың ой-толғаулары бүгінгі әлем содан қиындық көріп жатқан қатыгездік пен әсірешіл ойларға қарсы бейбітшілік пен достық жолының шырағы бола алады. Иран мен Қытайдың екі ойшылы Сағди мен Конфуцийдің шығармалары екі елдің халқына таныс. Осы екі ұлы хәкімнің өлеңдері мен шығармаларынан олардың адамзат қоғамына назар аудару мен шолу жасауда ортақ негізге, яғни махабат пен адамсүйгіштікке ие болғанын аңғартады» деді.