Америкалық ұшақтар 20- дан астам сириялықты өлтірді
Ресей қарулы күштері бас штабының төрағасы америкалық бомбалаушы бір ұшақтың Сирияның бір аймағын бомбалауы барысында 20-дан астам әскери емес азаматтың қаза болғанын хабарлады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей қарулы күштері бас штабының төрағасы Валерий Герасимов: «Американың "B52" бомбалаушы ұшағы Сирияның Идлиб облысына қарасты Сармаде аймағын бомбалап, бір топ әскери емес адамндың өлімі мен жаралануына себеп болды» деді.
Генерал Герасимов бомбалау әрекетінің қаңтар айының үші күні орын алғанын, бірақ америкалық басшылардың бұл туралы үнсіздік танытып отырғандарына сілтеме жасап: «Сирияның Сармаде аймағының ымыра орнатылған аймақ болғанына қарамастан, "B 52" бомбалаушы ұшағы ол жерді бомбалады.
Соңғы 30 айда Америка мен одақтастарының ұшақтары белгіленген нысандарға 6500 рет шабуыл жасады. Олар Ресейдің әуе- ғарыш күшінің осы елдегі лаңкестердің нысандарына жасаған шабуылдарынан бірнеше есе кем.
Америка мен оның Сириядағы одақтастарының әрекеттерінің салдарынан көптеген әскери емес азаматтар мен сириялық күштер көз жұмды» деді.