Сирия БҰҰ-дан шапқыншы сионистік режимді жазалауды сұрады
Сирия СІМ БҰҰ-ның бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған екі хатында басқыншы сионистік режимді Сирия жеріне шабуыл жасағаны үшін жазалауды сұрады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Сыртқы істер министрлігі жұма күні сионистік режимнің Дамасктегі әл-Мазза әскери әуежайына жасаған шабуылына реакция білдіріп, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жолдаған жеке хаттарында аталмыш шабуылдың сионистік режимнің Сириядағы соғыс басталғаннан бері қайталанып келе жатқан шабуылдар аясында және Сирияның егенмендігі мен тәуелсіздігін және оның территориялық тұтастығын бұзу мақсатында жасалғанын мәлімдеді.
Сирия СІМ хаттарда сионистік режимнің Сирияға шабуылдарының алдын алуды баса айтып, сионистердің әл-Мазза әскери әуежайына жасаған шабуылының Сириядағы, әсіресе Алеппо қаласындағы лаңкестік топтардың жеңілгендігінен жасалғанын және бұл әрекеттің АҚШ, Франция мен Ұлыбритания басшыларының тікелей қолдауы және рұқсатынсыз іске аспайтынын мәлімдеді.