Германия полициясының төрағасы Иран полициясына есірткі заттармен күресудегі стратегиясы үшін алғыс айтты
Германияның федералдық полициясының төрағасы Иран полициясының есірткі заттардың еуропалық елдер мен өзге мемлекеттердің шекараларына қарай транзитталуымен батыл күресуі неміс жастарының Иран полициясының орынды қызметімен қорғалуына себеп болып отыр деді.
Германияның федералдық полициясының төрағасы Дитер Роман Теһранда Иранның қоғамдық тәртіп күштерінің қолбасшысы Хосейн Аштаримен кездесуде елінің қауіпсіздік пен полициялық салада, әсіресе шекара бөлімінде Иран полициясының тәжірибесін қолданатындығына және шекараларды қорғау мен қауіпсіздігі негізінде екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуді көздейтінін мәлімдеді.
Дитер Роман Иранның шығыс және оңтүстік- шығыс шекаралары мен Иранның Ауғанстанмен ортақ шекарасын аралағанына сілтеме жасап: «Иран полициясы шекараларда қауіпсіздік орнатуда. Әсіресе заңсыз миграция және Иран мен Ауғанстанның ортақ шекарасында есірткі заттарымен күресте көптеген тәжірибелерге қол жеткізген» деді.
Иран қоғамдық тәртіп күшінің қолбасшысы бригада генералы Хосейн Аштари де осы кездесуде Иран ислам республикасы полициясының Германия полициясымен ұйымдасқан қылмыспен, соның ішінде лаңкестікпен күрес саласында мәліметтер және тәжірибелерімен алмасу негізінде ынтымақтастықтарды бастауға әзір екендігін айтты.