Назарбаев БАӘ-нің ханзадасымен кездесті
Қазақстан республикасының Елбасы өзінің Біріккен Араб Әмірлігіне ресми сапары барысында осы елдің ханзадасы және қарулы күштері қолбасшылығының орынбасарымен кездесіп, сұхбаттасты.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірлігіне жасаған ресми сапары барысында Абу-Дабидың ханзадасы әрі осы елдің Қарулы күштері қолбасшылығының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянмен кездесіп, сұхбаттасты.
Тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірлігі арасындағы сауда, экономикалық, инвестиция салу, энергия, мәдени негіздер бойынша екіжақты ынтымақтастықтарға қатысты істер мен аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке байланысты маңызды мәселелерді қарастырды.
Осы елдердің Астана мен Абу-Дабиде елшіліктері үшін тегін жер телімін бөлу жөнінде екі елдің үкіметі арасында келісімшартқа қол қою, сондай- ақ дипломатиялық паспортқа ие қазақстандық және БАӘ-нің азаматтары үшін визаны алып тастау Назарбаевтың әмірлік ханзадасымен кездесуінде жасаған өзекті келісімдері саналады.
Сондай-ақ осы келіссөздер шеңберінде тараптар бірнеше ынтымақтастық меморандумына, соның ішінде Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Әмірлігінің исламдық істер және Оуқаф агенттігі арасында қол қойылды.
Сонымен қатар Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі мен Біріккен Араб Әмірлігінің Экономика министрлігі арасында туризм саласында да меморандумға қол қойылды.