Трамп "Ортақ қадам" келісімінің күшін жою үшін алғышарт әзірлейді
(last modified Mon, 16 Jan 2017 15:49:10 GMT )
Қаң 16, 2017 21:49 Asia/Almaty
  • Трамп

Американың қалаулы президенті Иранмен ядролық келісімнің күшін жою үшін алғышарт әзірлейді.

Американың қалаулы президенті Дональд Трамп Ұлыбританияда шығатын "The Sunday Times" газетіне берген сұхбатта Иранмен ядролық келісімге риза еместігін және оны қазірге дейін қол жеткізілген ең сорақы келісімдердің бірі деп санайтынын айтты. Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары сейіт Аббас Арақчи Америкада "Ортақ қадам" келісімінің келешегі туралы шешім қабылдауды осы елдің келесі президентінің жауапкершілігі екенін баса айтып: «Иранның Америкамен ядролық келіссөздері аяқталған. Иран Американың келесі үкіметімен "Ортақ қадам" келісімі туралы саяси келіссөз өткізбейді» деді.