Лавров пен Зариф Астанада өтетін бейбітшілік отырысы туралы пікір алмасты
https://itolqyn.com/news/world-i23296-Лавров_пен_Зариф_Астанада_өтетін_бейбітшілік_отырысы_туралы_пікір_алмасты
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесіп, Астанада өтетін бейбітшілік келіссөздерінің жоспарланған бағдарламаларын талқылады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 17, 2017 13:45 Asia/Almaty
  • Лавров пен Зариф Астанада өтетін  бейбітшілік отырысы туралы пікір алмасты

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Сергей Лавров телефон арқылы сөйлесіп, Астанада өтетін бейбітшілік келіссөздерінің жоспарланған бағдарламаларын талқылады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі: «Ресейлік тараптың өтінішімен орын алған Зариф пен Лавровтың дүйсенбі күнгі телефон арқылы сұхбатта Сирияның жағдайы қарастырылды»,- деп хабарлады. Жарияланған бағдарлама бойынша сириялық үкімет пен оның қарсыластары арасындағы Астана келіссөздері 23-ші қаңтарда БҰҰ-ның делегациясының қатысуымен басталады.

Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу туралы бұл екі күндік келіссөздер Ресей, Түркия және Иран Сыртқы істер министрлерінің желтоқсанның жиырмасында Мәскеуде өткен отырысының негіздері бойынша өтеді.

Мәскеу отырысының қорытынды мәлімдемесінде ДАИШ және Джебхет ан-Носрат лаңкестік топтарымен күресу, лаңкестікке қарсы әлемдік ынтымақтастық, Сирияның территориялық тұтастығы мен егемендігін сақтап қалу, сол елдегі қазіргі дағдарысты әскери жолмен шешуді теріске шығару, Қауіпсіздік кеңесінің №2254-ші қарарын іске асыру, сириялықтарға ауқымды түрде көмек көрсету, қақтығыс болып жатқан және лаңкестердің бақылауына түскен аймақтардан халықты шығару,  сонымен қатар Қазақстанда өтетін сириялық тараптар арасындағы келіссөздерге қолдау көрсету сынды мәселелер айтылды.