Ресей мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері Сирия туралы сөйлесті
Ресей Сыртқы істер министрлігі елдің Сыртқы істер министрінің қазақстандық әріптесімен Сирия дағдарысына қатысты келіссөздерді үйлестіру туралы сөйлескенін хабарлады.
«Спутник» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні бұл елдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың халықаралық мәселелер, соның ішінде Сирия дағдарысын шешетін халықаралық отырысқа дайындық туралы қазақстандық әріптесі Қайрат Әбдірахмановпен сөйлескенін хабарлады.
Осы мәлімет бойынша келіссөздер Астанада қаңтардың жиырма үші күні өтеді. «Сирияның ішкі топтары» атты келіссөздер ақпанның сегізі күні Женевада өтеді деп жоспарлануда.
Ресей Президенті Владимир Путин осыдан бұрын телефон арқылы Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлескен болатын.