Иран Сыртқы істер министрінің Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының саммитінде сөйлеген сөзі
Иран Сыртқы істер министрі Палестина халқының құқығын қорғау үшін берілген уәделерді іс жүзінде жүзеге асыруды талап етті.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Индонезия астанасы Джакартада Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы басшыларының Палестина және Құдс Шәріп тақырыбында өткен бесінші төтенше саммитінде: «Сионистік режим «әл- Ақса» мешіті мен Құдстың жағдайын өзгерту бағытындағы өзінің экспансистік бағдарламасын бүркемелеу үшін сионистік-экстремистік шаралар түрінде «әл- Ақса» мешіті мен Құдстың жағырапиялық құрамын өзгерту және еврейлендіру мақсатында өз саясатын жүргізіп отыр.
Қауіпсіздік Кеңесі түрлі себептермен БҰҰ- ның жарғысы бойынша өз жауапкершілігін атқаруға шара қолданбай, сионистік режимнің экспансистік саясатының халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіруші ретінде жалғасуына жол беріп отыр. Мұсылмандар өз араларындағы келіспеушіліктерін шетке ығыстырып, Палестинаны жаулап алуды доғару үшін іс жүзінде әрекет етуі керек.
Иран ислам республикасы әрдайым Палестина мәселесі туралы өз міндеттемелерін жүзеге асыруды қуаттайды. Соңғы он жылдықтарда Иранға қарсы жасалған қысымдар Иранның Палестинаның мақсатын қолдауының нәтижесі екенін біле тұра осы саясатын жалғастырады» деді.