АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелері туралы уәждері
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Барак Обама үкіметінің Дональд Трамп басқаратын АҚШ-тың жаңа үкіметіне «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты кепілдік бермегенін мәлімдеді.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест сейсенбі күні Иран Президенті Хасан Руханидің АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қандай ұстаным білдіруі туралы болжамдарына реакция білдіріп: «Обама үкіметі АҚШ-тың келесі үкіметінің іс-әрекеті туралы ешбір шетелдік басшыға кепілдік берген емес. Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты осы уақытқа дейін білдірген ұстанымы оның келісімді қолдамайтынын білдіреді. Трамптың пікірінше бұл келісім жақсы келісім болмады. Ол тек ұран ғана болды. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы үшін іс жүзінде еш нәрсе жасалмайды. Трамп аталмыш келісімді ұнататындай немесе ұнатпайтындай бұл келісім екі жақты келісім емес»,- деді.
АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы бұл елдің келешек үкіметіне «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тоқтатуға қатысты ескерту жасады.
АҚШ-ның Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сейсенбі күні Давос экономикалық форумында: «Егер АҚШ Дональд Трамптың президенттік кезеңінде Иранның ядролық келісімін бұзатын болса, көп зиян шегеді»,- деді.